Мемлекеттік қызметші күнін атап өту аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2017 жылғы 16 маусымда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау: әріптестік және практикалық бағыт» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Аталған шараға құқықтық жұмыс және персоналды басқару бөлімінің бас маманы А.Мухамбетова қатысты.